Барлығы
Спорт2026 ж. 3 қазан 36

Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарының медалін жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарының медалін жеңіп алды
Фото: Фото: ҰОК
Автор: Ақтөре Ақбердиев

Қазақстан құрамасы аралас командалық турнирдің финалына шығып, онда Жапония командасымен кездесті. Алтын жүлде сарапқа салынған шешуші белдесуде жапондық дзюдошылар 4:0 есебімен жеңіске жетіп, басым түсті.

Осылайша, Қазақстан аралас командалық турнирдің күміс медалін еншіледі. Ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамұров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова және Меруерт Сәрсенова өнер көрсетті.

Поделиться:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырғыңыз келе ме?

Талқылауға қатысу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз.

Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып өз ойыңызбен бөлісіңіз!

Тағы оқыңыздар