Жаңалықтар2026 ж. 27 қыркүйек 71
Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды,

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жарлық мәтінінде.
Еске салайық, бұған дейін бұл лауазымды атқарған Дәурен Қосанов қызметінен босатылған еді.
Қайғылы оқиға туралы не белгілі?
24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінде 17 әскери қызметші суға кеткен. Үшеуі құтқарылды. 25 қыркүйекте таңертең соңғы екі әскери қызметшінің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.


