Тоқаев Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

II дәрежелі Бауыржан Момышұлы атындағы "Айбын" орденімен:
Мұхтарұлы Олжас - 29011 әскери бөлімінің взвод командирі
III дәрежелі Рақымжан Қошқарбаев атындағы "Айбын" орденімен:
Аяпберген Сержан Талғатұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Бегей Дастан Нұрболұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Гилаж Ақжайық Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
Гумаров Мансұр Айтбайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Диханбаев Олжас Тәжібайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Жанабай Әсет Саматұлы - 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеу атқышы);
Көбенов Алмас Жүсіпұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);
Мәдихан Азамат Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);
Темірғалиев Жеңіс Тілеушұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (пулеметшінің көмекшісі);
Төлеген Ақылбек Қабденұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
Тұрдыбекұлы Мирас - 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш).


